Ильященко Татьяна Ивановна – лицейдің негізін қалаушы. Біз бәріміз балалық шақтан келеміз, әр қыркүйектің 1-і күні мектеп табалдырығын аттап, бізді қарсы алған ұстазымыздың жүзінен үміт күтіп, қызыға қарайтынбыз. Ғажайып білім әлеміне жол ашқан тұлғаның бейнесін әркім жадында сақтайды. Бүгінгі күні орын алған мыңдаған ер жеткен адамдар үшін Мұғалімнің бейнесі Татьяна Ивановна Ильященкомен тығыз байланысты. Міне, ол сыныпқа кірді, балалармен амандасты, осында ол дұрыс шешілген есепке қуанды, мұнда ол жақсы әзілге күлді.
Оның сабақтары ешқашан жалықтырмады, оның жетекшілігімен әрқашан қызықты болды. Мүмкін, оның басты ерекшеліктерінің бірі – болашаққа жол ашу мүмкіндігі. Осындай биік тұлға туралы өткен шақта айту өте қиын, өйткені ол әрқашан болашаққа ұмтылды. Орындала алатын және еліктіретін мақсаттар мектеп оқушыларының алдынан өздігінен ашылып жатты – математика әлемінде көптеген қызықты, зерттелмеген құпиялар бар, болашақтың суреті ол басқарып отырған мұғалімдер үшін анық болды – жаңа әдістер, озық технологиялар ...
Ол геологиялық барлау институтына түскісі келді. Болашақ ұстаз аталған оқу орнына түскен болса, бұл істе де биіктерге жеткен болар еді. Бірақ бүкіл целиноградтықтардың, одан кейін астаналық мектеп оқушыларының бақытына қарай өмір басқаша өрбіді: Татьяна Ильященко Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінің студенті болды. Содан кейін ол велоспортпен қызыға айналысты, сонымен қатар ол өмір бойы құмарлана поэзияны ұнатты. Есенинді, Блокты, Пушкинді риясыз жақсы көрді ... Ол көркемөнерпаздар байқауларына қуана қатысты, жетекші болды. Оның дауысы анық және күшті болды. Осындай бір-біріне ұқсамайтын көптеген қырлар Татьяна Ивановнаның бойында оңай табылды.
Ильященко Татьяна Ивановнаның педагогикалық өтілі 40 жылдан асты. Ол Максимовка ауылының мектебіне жас мұғалім болып жұмысқа келді. Кейін жұмысын №15 орта мектепте математика мұғалімі болып жұмыс істеп, аудандық білім беру бөліміне шақырылды. Жас педагог жұмысына деген ынтасымен көзге түсіп, 1986 жылы №9 орта мектепті басқарды. Жаңа дағдыларды – басшылық дағдыларын игеру керек болды. Ол ұжымымен тез тіл табысып, оны біріктіре білді.
Қазақстан тәуелсіздігін алған жылдары Татьяна Ивановнаға жаңа мүмкіндіктер берді: №9 орта мектеп базасында оның басшылығымен қалада тұңғыш лицей – жаңа міндеттері, жаңа мүмкіндіктері бар кәсіби оқытуға негізделген жаңа үлгідегі мектеп. Жұмыс барысында көптеген жаңалықтарды ашуға тура келді. Татьяна Ивановна саралап оқытатын сыныптарды енгізуге ұсыныс жасады. Бүгінгі таңда оқушының математикалық немесе экономикалық бағыттағы сыныпта оқып жүргені ешкімді таңғалдырмайды, ал сол кезде бұл – батылдық, тәуекел болды.
№9 гуманитарлық-экономикалық лицей ЖОО оқытушылары, ғылым кандидаттары мен профессорлар элективті курстардың дәрістерін оқып жүрген қаланың тұңғыш оқу мекемесі болды. Жасасқан келісімшарттарға сәйкес лицейдің экономикалық бөлім түлектері бірден Аграрлық университетінің екінші курсына оқуға түскен, ал сәулет және гуманитарлық бөлімдері түлектерінің басқа талапкерлерге қарағанда айтарлықтай артықшылықтары болды.
2008 жылы Татьяна Ивановнаның жаңа үлкен мектеп туралы арманы № 60 мектеп-лицей ашылғанда орындалды. Бұл мектепке басшысымен бірге әйгілі «тоғызыншы мектептің» мұғалімдер мен оқушылар ұжымы барды. Осы екі лицейдің Қазақстанның 100 үздік мектептерінің ішінде болғанын айтып кету керек. Бірнеше жылдар бойы Астана қаласының білім беру мекемелері жарыстарының қорытындылары бойынша № 9 ГЭЛ және № 60 мектеп-лицей алдыңғы қатарда болды.
Сонау 1998 жылы № 9 ГЭЛ жанында коммерциялық сыныптар ашылып, Татьяна Ивановнаның жеке меншік мектепті – «Экономикалық лицей» КЕБМ ашу идеясы жүзеге асырылды. Балаларға жақсы білім беру тілегі ақталды – лицей түлектерінің жоғары оқу орындарына түсуі 100% құрады. Жыл сайын мектеп базасында педагог қызметкерлері үшін оқытатын қалалық семинарлар өткізілді.
Шебер ұйымдастырушы, Татьяна Ивановна мұғалімдерді үнемі шығармашылық үрдіске тартып, олардың кез келген бастамаларын қолдап, тұрақты ұжымды құрай білді. Оқытудың заманауи технологияларын енгізу, оқушылардың білім алу нәтижелілігінің жүйелі мониторингі, оқу және тәрбиелік қызметті ұйымдастыруда оқушылардың даму деңгейін, ақпараттық мүмкіндіктерін зерттеу – мұның барлығы жақсы нәтижеге алып келді: ҰБТ-ны тапсыру қорытындылары бойынша «Экономикалық лицей» қаланың үздік ондық мектептерінің бірі болды.
Татьяна Ивановна әр баланың жеке тұлғасына қамқорлықпен қарады, кез келген оқушының бойында өзіне ғана тән қылығын тани білді. Ол көмек көрсетіп, өсіп келе жатқан тал шыбықтан сый-құрметке лайық тұлғаны өсіруге дайын болатын.
Татьяна Ивановна әрқашан дарынды балаларға арналған мектеп құруды, олардың бойында дарындылықтың барлық қырларын ашуға көмектесуді армандады. Әттең, бұл арманының орындалғанын көре алмады.
Татьяна Ивановна Ильященконың марапаттары өте көп: ол – Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі мен «Құрмет» орденінің, көптеген Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарының иегері.
Татьяна Ивановна үшін ең басты сыйлық оның оқу орнын бітірген оқушылардың шын жүректен айтқан «рақмет» сөзі, алғысы болып табылады. Ол өзін барлық тәнімен балаларға арнады. Ал егер кешегі Татьяна Ивановнаның әрбір шәкірті өз Ұстазын еске алу үшін кем дегенде бір жақсылық жасаса, әлем Татьяна Ивановна қалағандай жақсы болары сөзсіз ...