Қабылдау ережелері


1. Лицейге жыл сайын оқушыларды қабылдау бос орын болған жағдайда жүзеге асырылады.

2.
Білім алушыларды қабылдау тәртібі Лицейде оқуға дайындық деңгейін анықтау мақсатында әңгімелесу және тестілеу негізінде жүзеге асырылады.

3. Лицейге оқуға қабылдау білім алушының білімі туралы құжаттары, белгіленген үлгідегі медициналық анықтамасы (медициналық төлқұжаты), туу туралы куәлігі немесе жеке куәлігі қоса тіркеліп, ата-анасының (басқа заңды өкілдерінің) өтініші негізінде бұйрықпен ресімделеді. 
4. Білім беру ұйымының сыныптарындағы оқушылар саны 20 - 25 адамнан аспайды.

5. Оқушылар саны 20-25 адам болса, сыныптар қазақ тілі, шет тілдері, информатика пәндерін оқытуда екі топқа бөлінеді.

6. Оқушыларды лицейден шығару тәртібі педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады және Құрылтайшылардың бұйрығымен келесі жағдайларда ресімделеді:
6.1. Ата-анасының өтініші бойынша оқушының оқуын басқа оқу орнында немесе білім алудың басқа нысанында жалғастырғанда;
6.2. Заңсыз әрекеттер жасап, Лицей Жарғысын өрескел және қайталап бұзғанда;
6.3. Оқу пәндері бойынша үлгерімі қанағаттанарлықсыз болғанда; 
6.4. Баланың лицейде қалуына кедергі келтіретін денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды негізінде; 
6.5. Ай сайынғы лицейдің оқу ақысын уақытылы төлемегенде;
6.6. Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де жағдайларда;
6.7. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқудан шығару туралы шешім қорғаншы және қамқоршы органдардың келісімімен қабылданады.

Біз 25 жылдан аса жұмыс жасап келеміз