2022 жылдың 21 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында қала әкімдігінің білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Білім негізі – Бастауыш мектеп» атты бастауыш сынып мұғалімдерінің қалалық форумы өтті.
Форумның мақсаты – бастауыш сыныптардағы білім сапасын арттыру.
Жиында бастауыш сыныптың өзекті мәселелері көтерілді.
Форумда математика секциясында экономикалық лицей мұғалімі Тарасова Людмила Николаевна баяндама жасады. Ол қатысушылармен математика сабақтарында құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың оң тәжірибесімен бөлісті. Кездесуді қорытындылай келе, форумға қатысушылар мұғалімнің негізгі құралы сабақ болған және солай болып қала береді деген қорытындыға келді.