Тәуелсіздік тойының қарсаңында біз Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасындаболдық. Сыныптастарым кітапхананың халыққа көрсететін қызметімен танысты. Кітапханашылар бізге кітапхана қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Оқушылар кітапхана қорындағы тарихи деректермен танысты. Әсіресе,оқушыларды еліміздің жазба тарихынан мағлұмат беретін Күлтегін көшірмелері мен ұлы ақын Абайдың, А.Байтұрсынов,Ш, Уәлиханов және басқа ақын – жазушылардың қолжазбалары туралы ақпараттарды аса зор ықыласпен тыңдады. Оқушылар экскурсия барысында кітапхана қызметкерлеріне сұрақ қойып,өздеріне көптеген ақпарат алды. Кітапханаға саяхат оқушыларға үлкен әсер қалдырды.