Ағымдағы жылдың 9-15.03 аралығында лицей қазақ тілі пәнінің мұғалімдері (Валиева З.О.,Сагындыкова Г.У.,Садыкова К.А.) 6 сынып оқушыларымен Lesson Study көмегімен мемлекеттік тілді оқытуда ашық сабақ көрсетті. Бұл тәсілдің негізгі қағидасы бірнеше мұғалімнің топтасып,бір тақырыпты бір мақсатпен,бір міндет арқылы түрлі әдіс-тәсілдерді сынып ерекшеліктеріне қарай қолдана отырып лайықтысын таңдау. Пән мұғалімдері Lesson Studyді әдістемелік деңгейде сауатты қолдана біліп, сабақты жоғары әдістемелік деңгейде көрсетті. Оған дәлел оқушылардың сабақ соңында жазған пікірлері. Сабақ барысында оқушылар өздерін еркін ұстап, білімдерін көрсете білді. Пән мұғалімдеріне шығармашылық табыс тілей отырып, жетістіктерге жете беріңіздер деген тілек білдіреміз.