Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі

Новости 30-ноя-2018, 03:05 0

20 қараша күні Экономикалық лицейдің 6 «А» мен 6 «Б» сынып оқушылары Тәуелсіздік даңғылында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне экскурсияға барды.

Музейде төрт залды аралады. Олар: Ежелгі және орта ғасыр тарихы залы, Тарих залы, Этнография залы, Қазіргі заманғы өнер залы.

Кірген кезден бәрін таңқалдырған мұражай, кеткенге дейін бәрінің назарын өзіне аударумен болды. Үлкен залда қарсы алған гид оқушыларды еліміздің тарихына қатысты қызықты мәліметтермен таныстырды.

Оқушылар мұражай туралы ой бөлісті.

Есемова Сабина: «Маған музейдің кіреберісіндегі алтын алып құс ұнады. Ол қанаттарын жоғары-төмен қағып тұрғандай болды. Қыран құстың үстінде алтын шар бар. Алыстан қарағанда, бұл экспонат еліміздің туындағы фрагменттерді еске салады».

Ганиева Жанел: «Бұл мұражайда мен тарих сабағында өткен ескерткіштерді көрдім. Олар жай сурет емес, шынайы экспонаттар болды».

Аубакирова Нұрай: «Маған Ежелгі және орта ғасыр тарихы залы өте ұнады. Онда мені мамонттың сүйектері қызықтырды».

Агайдарова Малика: «Мен қазақ халқының мәдениеті туралы қызықты ақпараттар білдім. Ежелгі заманда ата-бабаларымыздың киген сауыттары мен қару-жарақтарын кітаптан емес, осы музейден жақын көрдім».

Доспанбетова Адия: «Этнографиялық залда тұрған үлкен киіз үй ерекше көрінді. Өйткені ол залдың өзі киіз үй сияқты кереге мен шаңырақтардан жасалған екен. Ал ортада тұрған киіз үйдің ішінде бұрынғы кездегі заттар қойылған».


Мы работаем для вас уже более 25 лет