«Бір кітап – бір тағдыр»

Новости 14-окт-2019, 10:05 814

Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы қарсаңында  биылғы оқу жылында лицей оқушылары арасында  мемлекеттік тілде  «Бір кітап – бір тағдыр» акциясы басталды.  Акцияны    6 сынып оқушылары  Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесін оқудан бастады. Оқылымның нәтижесі ретінде  11 қазан күні   қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Осипбекова Н.А. мен Мусина Г.А. интеллектуалды ойын  өткізді. Ойын барысында сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар повесті оқығандарын және  мазмұнын терең түсінгендерін дәлелдеді. Ойын жеңімпаздары 6 «В» сынып оқушылары Оңғарбек Ясмин мен Ахатұлы Алдияр атанды. Ойынның барлық  жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және мемлекеттік тілдегі әдеби кітаптармен марапатталды.
Ойын соңы 6 «Г» сынып оқушыларының  М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» шығармасы бойынша қойылымымен аяқталды. Қойылым арқылы келесі оқу М.Мағауинннің «Бір атаның балалары» екені анықталды. Жас оқырмандарға  жақсы оқылым терең білім тілейміз.

Мы работаем для вас уже более 25 лет